- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Jas Almaty» командасы Республика күніне арналған «JAS CUP» турнирінде жүлделі орынға ие болды
«Jas Almaty» командасы Республика күніне арналған «JAS CUP» турнирінде жүлделі орынға ие болды
25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай Алматы қаласында жастар мен студенттер арасында дәстүрлі «JAS CUP» футбол турнирі ұйымдастырылды
Аталған жарысқа Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының құрамалары мен белсенді жастар ұйымдары қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында жүйелі ойын мен жоғары командалық рух көрсеткен «Jas Almaty» командасы барлық кезеңнен сәтті өтіп, II орынға (күміс жүлде) ие болды
Айта кету керек, «Jas Almaty» құрамында тарих факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Мұхтар Ходжабай да алаңға шығып, жастармен бірге өнер көрсетті. Сонымен қатар жарыс барысында факультеттің белсенді студенттері трибунадан қызу қолдау көрсетіп, команда ойыншыларына ерекше жігер сыйлады.
Ұстаздар мен белсенді жастардың бірлескен мұндай бастамалары салауатты өмір салтын дәріптеп, факультет ішіндегі ұйымшылдық пен сабақтастықты одан әрі нығайта түсті.