Ана тілдің мерейі

29 қыркүйек, 2016

Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен тілдер мерекесі аясында «Ана тілдің мерейі» атты  әдеби-танымдық  кеш өтті.

1 курс студенттерінің «Ана тілің - арың бұл» атты қойылымы қызықты да әсерлі болды. Кеш барысында «Көкжиек» клубы жариялаған «Студенттік күнделігімнің алғашқы беттері» көркем эссе байқауына келіп түскен эсселерді 3 курс студенттері Қонысбек Үмітхан және Сандуғаш талдап, бағалады және байқаудың жалғаса беретінін хабарлады. Клуб төрағасы 4 курс студенті, жас ақын Жандарбек Жұмағұлов бастаған жоғары курс ақындары поэзия минуттарын сыйлады.

Студенттер арасында жүргізілген «Ана тілдің мерейін арттыру үшін мен не істей аламын» атты жедел сауалнама қорытындысын Жансая Сман, Нұрила хабарлады. Кешке кафедра меңгерушісі Д.Қарағойшиева, доцент М.Жаңабекова, аға оқытушы Э.Бектұровалар қатысып, өз ойларымен бөлісті.

«Көкжиек» клубының ғылыми жетекшісі, доцент Л.Мұсалы кешті қорытындылап, ана тілдің мерейін арттыру әрқайсымыздың өз қолымызда екенін атап өтті.