Қазіргі Қазақстандағы дін және жастар

29 қыркүйек, 2016

«Қазіргі Қазақстандағы дін және жастар» дөңгелек үстел аясында Арбатта дінтану және мәдениеттану кафедрасы Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып көпшілік акциясын ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға арналған интеллектуалды викторина және жас қатысушыларға арналған «Мен бейбітшілікті бейнелеймін» атты көркем сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың белсенді қатысушыларына Алматы қаласы Прокуратура бөлімінің аға прокуроры Нұрлан Райханов алғыс хат берді.

Аталған көпшілік акциясын қала прокуратурасы алғаш рет өткізіп отыр. Акцияның негізгі мақсаты халыққа, әсіресе жастарға экстремизм мен терроризм көріністеріне тосқауыл қою.

Жиын барысында «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттері флэшмоб ұйымдастырды. Флэшмоб түрлі ұлттардың билерінің үзінділерінен жасалды: лезгинка, «Қара жорға» биі, заманауи би. Би аяқталғанда студенттер, бейбітшілік және келісім белгісі ретінде Қазақстанның туын көтерді. Студенттер осындай іс-шараны өткізу аса маңызды екенін атап өтті.

Іс-шара соңында «Біз өмір сүргіміз келеді!» деген ұрандар жазылған түрлі түсті шарлар аспанға ұшырылды.

 

Альджанова Н.К., Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми-инновациялық және

халықаралық қызмет жұмысы бойынша меңгеруші орынбасары,

Нұрлан Ә.Н., дінтану мамандығының 2 курс магистранты