ҚазҰУ-да Республика күніне орай америкалық студенттермен кездесу өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да Республика күніне орай америкалық студенттермен кездесу өтті

23 қазан 2026
ҚазҰУ-да Республика күніне орай америкалық студенттермен кездесу өтті

2026 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде америкалық студенттермен Республика күніне арналған кездесу өтті.

Іс-шара аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Элеонора Дюсеновна Сулейменова «Қазақстан: этностар мен тілдер» тақырыбында дәріс оқыды.

Профессор америкалық студенттерге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызы және оның қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы рөлі туралы баяндады.

 

Дәріс барысында Қазақстанның тіл саясаты, институционалдық қостілділік мәселелері, қазақ және орыс тілдерінің конституциялық мәртебесі, сондай-ақ елдегі тілдік және мәдени әралуандықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Э.Д. Сүлейменова тілдік құқықтарды, мәдени дәстүрлер мен ұлттық бірегейлікті құрметтеуге негізделген Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл моделінің ерекшеліктерін таныстырды.

Кездесу америкалық студенттерге Қазақстанның тарихы, қоғамдық құрылымы және қазіргі тілдік ахуалымен танысуға, сондай-ақ елдің мәдени әралуандығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Іс-шара мәдениетаралық диалогты дамытуға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын шетелдік студенттер арасында кеңінен танытуға ықпал етті.

Сүлейменова Э.Д., Аймағамбетова М.М.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы