ҚазҰУ ғалымы «Құрмет» орденімен марапатталды — ҚазҰУ

ҚазҰУ ғалымы «Құрмет» орденімен марапатталды

23 қазан 2026
ҚазҰУ ғалымы «Құрмет» орденімен марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жоғарғы мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі жарлығымен отандық ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Гүлнар Өрленбайқызы ұзақ жылдар бойы ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып, саясаттану ғылымын өрістетуге және білім беру үдерісін жетілдіруге елеулі үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен кафедрада еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлануда. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Гүлнар Өрленбайқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды және ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі