Ашық кураторлық сағат — ҚазҰУ

Ашық кураторлық сағат

23 қазан 2026
Ашық кураторлық сағат

 

2026 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті Г.Ә. Мұсаева мен аға оқытушы Г.Ә. Машинбаева қазақ топтарында білім алатын шетелдік тыңдаушыларға арналған Республика күніне орай ашық тәрбие іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында оқытушылар слайдтар арқылы Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірі туралы ақпарат беріп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері туралы мәліметтер ұсынылды. Іс-шара аясында фотосессия ұйымдастырылды.
Мақсаты: Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, шетелдік білім алушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу, Қазақстанға деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты нығайту.