- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында іс-шара өткізілді
Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында іс-шара өткізілді
2026 жылғы 23 қазан күні университет қабырғасында зоология, гистология және цитология кафедрасының PhD, аға оқытушысы Мауленова С.С. «6B05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасы аясында Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру, сондай-ақ жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін нығайту.
Іс-шара барысында студенттер Республика күнінің тарихи маңызы туралы баяндамалар жасап, еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдері мен жетістіктері туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстанның мәдениеті, ұлттық дәстүрлері, мемлекеттік рәміздері және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Шара барысында студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында танымдық сұрақтар, викториналар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды. Студенттер Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер және ұлттық құндылықтар бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікір алмасты.
Аталған іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтуға, патриоттық сезімін арттыруға және туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараның өткізілуі ТДМ 4 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға үлес қосады.
Ұйымдастырушы: PhD, аға оқытушы Мауленова С.С.