«Республика күні – елдігімнің ертеңі. Бір ел – бір халық – бір болашақ»
2026 жылғы 22 қазанда химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы Сулейменова Г.А. мен Химия мамандығының 101 қазақ эдвайзерлік тобының ұйымдастыруымен «Республика күні – елдігімнің ертеңі. Бір ел – бір халық – бір болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін насихаттау және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Іс-шараның ұйымдастырылуына кафедра оқытушылары Наренова С.М., Ажигулова Р.Н., Жақсылықова Г.Ж. және Усипбекова Е.Ж. үлес қосып, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Кеш барысында Қазақстан тарихына шолу жасалып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы атап өтілді. Студенттер туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты дәріптейтін әндер орындап, күйлер тартып, поэзиялық шығармалар оқыды. Сонымен қатар, Республика күніне арналған бейнероликтер көрсетіліп, танымдық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстанның болашағы, білім мен ғылымның маңызы, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту мәселелері талқыланды. Кеш соңында студенттер Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және еліміздің дамуына үлес қосуға шақырылды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің патриоттық рухын көтеруге, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға және ел бірлігінің маңызын терең түсінуге ықпал етті.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы,
PhD докторант Сулейменова Г.А.
Басқа жаңалықтар