ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология мұражайының 80 жылдығына арналған «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
ҚазҰУ - егеменді Қазақстанның білімі мен ғылымының қалыптасуы, дамуы жолындағы тарихи кезеңдері мен рухани, мәдени өмірдегі елеулі оқиғаларына шолу жасауға мүмкіндік беретін ерекше орта.
Музейдің қоғамда алатын орны ерекше. Ол жастарды азаматтыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, қасиетті мұраларды көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндетін атқарады. Конференция алыс-жақын шет ел ғалымдарының басын қосты. Конференция барысында келесідей іс-шаралар жоспарланған:
- Биомузейге экскурсия;
- Керқұлан экспонатының биология музейінде салтанатты ашылуы.
Сондай-ақ конференция барысында «Кесел (серый варан) мысалында жоғалуға шақ және сирек кездесетін жануарларды сақтау мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісінің
ғылыми-инновация қызметі және халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі орынбасары, б.ғ.к., доцент м.а.
Кожабаева Элеонора Бирликжановна