Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында еліміздің тәуелсіздігіне 35 жыл толып, жаңа Конституция қабылданған маңызды тарихи кезеңде мемлекет алдында тұрған стратегиялық міндеттерге баса назар аударды. Мемлекет басшысы кейінгі буынға әділетті, дамыған және ғылым-білімі жоғары деңгейдегі озық мемлекетті аманат ету басты парыз екенін атап өтті.

Бұл бағытта еліміздің болашағын айқындайтын мынадай негізгі идеялар мен міндеттер көтерілгені қуантады:
- Елдің экономикалық әлеуетін арттыру үшін цифрлық трансформацияны жеделдетіп, заманауи технологияларды, әсіресе жасанды интеллект бағытын кеңінен енгізу қажеттігі;
- Жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін өңірлерде ауқымды әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи орталықтар мен IT-хабтар ашу жұмыстарының жалғасатыны;
- Елдің қарқынды дамуы үшін білімді, белсенді және отаншыл жастардың қоғамдағы рөлі артуы тиіс, президент Жолдауындағы реформалардың барлығы түптеп келгенде жас буынның сапалы өмір сүруіне және бәсекеге қабілетті маман болуына бағытталғаны айтылды.
Қорыта айтқанда, бұл Жолдау – елімізді жаһандық сын-қатерлер жағдайында тек шикізаттық емес, ғылым мен білімге сүйенген өркениетті мемлекет ретінде қалыптастыруға арналған бағдарламалық қадам болғаны анық.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
кафедрасының аға оқытушылары: Ш.Шортанбай, Б.Баязитов