Ұлт руханиятының қайраткері – Қошке Кемеңгерұлы — ҚазҰУ

Ұлт руханиятының қайраткері – Қошке Кемеңгерұлы

28 қазан 2026
Ұлт руханиятының қайраткері – Қошке Кемеңгерұлы

28 қазанда Омбы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалында «Ұлт руханиятының қайраткері – Қошке Кемеңгерұлы» атты ғылыми-танымдық кездесу өтті. Іс-шараны Филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ассистент-профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л.А. Мекебаева ұйымдастырды. Кездесу Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім беру» бағыты аясында өткізілді.

Жиынның мақсаты Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын таныту, оның қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан үлесін зерделеу, студенттердің тарихи танымы мен ғылыми ізденісін дамыту болды.

Кездесудің ғылыми бөлімінде студенттер қайраткердің өмірі мен шығармашылығы, драматургиясының көркемдік ерекшеліктері, Алаш зиялыларымен байланысы және Мағжан Жұмабаев мұрасымен рухани сабақтастығы туралы баяндамалар жасады. Баяндамаларда Қошке Кемеңгерұлының ұлттық әдебиет пен қоғамдық ойдың дамуына қосқан үлесі әр қырынан қарастырылды.

Шараның ерекше бөлімі Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтарымен жүздесуге арналды. Кездесуге арнайы келген әдебиетші-ғалым, қайраткердің жақын туыстары Асқар Ұмматұлы Раисов пен Роза Ұмматқызы Рамазанова әулет тарихы мен тұлға мұрасына қатысты естеліктерімен бөлісті. Студенттер отбасында сақталған тарихи деректер мен қайраткердің адами болмысына қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сонымен қатар университеттің 2-курс студенті Сейтахметова Залина Қошке Кемеңгерұлының шығармашылық феномені туралы баяндама жасап, оның әдебиет, тіл, тарих және ағарту салаларындағы қызметінің өзара сабақтастығына тоқталды.

Жиын соңында филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Л.А. Мекебаева сөз сөйлеп, Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеу мен насихаттаудың ғылыми және тәрбиелік маңызын атап өтті.

Ғылыми-танымдық кездесу студенттердің зерттеушілік қабілетін дамытуға, ұлттық тарих пен әдеби мұраны тереңірек тануына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ғалымдар, студенттер және тарихи тұлғаның ұрпақтары арасындағы мазмұнды сұхбат ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, рухани мұраны дәріптеудің маңызын айқындады.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

Филология факультеті