Мәдениет, өнер және студенттердің дамуы
27 қазан 2026
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Абдыкадыр У.Б. Заң факультетінің 116-кураторлық тобымен бірлесіп Алматы қаласындағы Art-музейде мәдени-бұқаралық іс-шара өткізді.
Мұражайға бару студенттер үшін өнер туындыларымен танысуға, мәдени көкжиегін кеңейтуге және танымдық әрі шығармашылық атмосферада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай іс-шаралар тұлғаның жан-жақты дамуына, эстетикалық талғамды қалыптастыруға және студенттік қауымдастықты нығайтуға ықпал етеді.