«ЗЕРТТЕУШІ- ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ CBPR ӘДІСНАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС — ҚазҰУ

«ЗЕРТТЕУШІ- ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ CBPR ӘДІСНАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

«ЗЕРТТЕУШІ- ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ CBPR ӘДІСНАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар және әлеуметтік жұмыс саласының мамандары!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы сіздерді «Зерттеуші- өзгерістердің бастамашысы: әлеуметтік жұмыстағы CBPR әдіснамасы» тақырыбындағы көшбасшылық дәріске шақырады.

 

Дәріс спикері- Crystal Kwan, PhD, Гонконг политехникалық университетінің (The Hong Kong Polytechnic University, PolyU) қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаментінің қауымдастырылған профессоры, тіркелген әлеуметтік қызметкер (RSW), әлеуметтік қызметтер саласындағы Thetos Foundation Young Scholar атағының иегері.

 

Дәріс барысында қауымдастықтың қатысуына негізделген зерттеулердің (Community-Based Participatory Research, CBPR) әдіснамалық негіздері, оларды әлеуметтік жұмыста қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік өзгерістерге бастамашылық ету мен оларды жүзеге асырудағы зерттеушінің рөлі қарастырылады.

 

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, PhD докторанттары, магистранттар және әлеуметтік жұмыс саласының практик мамандары шақырылады.

 

Іс-шара туралы ақпарат:

Күні: 2026 жылғы 13 қараша

Уақыты: 13:30-15:00

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, 314-аудитория

Форматы: офлайн көшбасшылық дәріс

 

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

 

Кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылыми пікірталасқа қатысуға шақырамыз!