Шығыстану факультетінің студенттері «Алтыбақан» ойын-сауық ән кешіне қатысты
2026 жылғы 30 қазанда Шығыстану факультетінің студенттері Алатау дәстүрлі өнер театрында өткен «Алтыбақан» ойын-сауық ән кешіне барды.
«Алтыбақан» – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әні мен күйін, ұлттық ойындары мен мәдени мұрасын дәріптейтін танымдық әрі ойын-сауық кеші.
Іс-шара барысында көрермендерге дәстүрлі әндер мен күйлер, ұлттық билер, қазақтың ұлттық ойындары және салт-дәстүрлеріне негізделген сахналық қойылымдар ұсынылды.
Кештің басты мақсаты – ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттау, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын кеңінен таныстыру және жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Мұндай мәдени іс-шараларға қатысу студенттердің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, ұлттық өнер мен дәстүрді тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар