- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» Жастар форумында бой көрсетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» Жастар форумында бой көрсетті
28–29 қазан күндері өткен «KAZLOGISTICS» Жастар форумына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Аталмыш ауқымды шара ТМД 17 аясында болды, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Логистика» мамандығының студенттері де белсене қатысып, мол тәжірибе жинақтап қайтты.
Форум аясында сала өкілдерімен кездесулер, кәсіби талқылаулар өтіп, болашақ логистерге көлік-логистика секторының заманауи трендтері мен даму мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар, ЖОО-лар арасында ұйымдастырылған спорттық сайыстарда ҚазҰУ студенттері интеллектуалды бәсекеде жоғары шеберлік танытып, шахмат турнирінен республика бойынша II орынды иеленді.
Басқа жаңалықтар