ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ – СЕНІМДІ САЯХАТТЫҢ КЕПІЛІ! — ҚазҰУ

ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ – СЕНІМДІ САЯХАТТЫҢ КЕПІЛІ!

30 қазан 2026
ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ – СЕНІМДІ САЯХАТТЫҢ КЕПІЛІ!

  2026 жылғы 30 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде жастардың туризмге қызығушылығын арттыру және таулы аймақтарда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

  Кездесу барысында қатысушыларға тауға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету жолдары, жеке қауіпсіздікті сақтау және табиғат аясында жауапкершілікпен әрекет ету мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, таулы аймақтарға саяхат жасау кезінде алдын ала дайындықтың, қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдаудың және ауа райы жағдайын ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.

  Іс-шараның спикерлері:

Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы – Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы;

Нысаналиев Мирас Нұрланұлы – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары.

  Кездесу жастардың туристік сауаттылығын арттырып қана қоймай, табиғат аясындағы қауіпсіздіктің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

  Мұндай кездесулер жастардың белсенді өмір салтын ұстануына, туған өлкенің табиғатын танып-білуіне және кез келген саяхатқа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

  Табиғатты таны, қауіпсіздікті сақта, саяхатыңды жауапкершілікпен баста!

 

  География және табиғатты пайдалану факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы.