ҮНДІСТАН МЕН ИРАН ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ — ҚазҰУ

ҮНДІСТАН МЕН ИРАН ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2 қараша 2026
ҮНДІСТАН МЕН ИРАН ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 2 қарашада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Үндістан мен Ираннан келген ғалымдармен кездесу өтті.

Кездесуге Джавахарлал Неру университетінің профессоры Саид Ахтар Хусейн, Хайдарабад университетінің қауымдастырылған профессоры Махмуд Алам, Джавахарлал Неру университетінің докторанты Шиши Кант және Мешхед университетінің профессоры Нахид Моршадлу қатысты

Шетелдік ғалымдарды кафедра меңгерушісі мен кафедра ұжымы қарсы алды. Кездесу барысында қонақтарға факультет пен кафедраның қалыптасу тарихы, ғылыми-зерттеу бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

 Ғылыми жүздесу аясында өзекті мәселелер қозғалып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми тәжірибе алмасу, академиялық серіктестікті нығайту мәселелері жөнінде сөз болды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті, алдағы ғылыми өзара ықпалдастықтың бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретініне сенім мол.

Болатбек Батырхан 

ТШжОА кафедрасының зерттеуші-доценті PhD ирантанушы