Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирандық ұстаз дәріс беруде — ҚазҰУ

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирандық ұстаз дәріс беруде

6 қараша 2026
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирандық ұстаз дәріс беруде

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімінде Ираннан шақыртылған ерікті ұстаз, PhD докторы Мехди Ходададиан парсы тілінен дәріс беруде. Мехди Ходададиан ҚазҰУ-ға Иран Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігінің жолдамасымен келген. 

Доктор Мехди Ходададиан 1999 жылы парсы тілі мен әдебиеті БББ бойынша Гилян университетінде (Решт) бакалавриат, 2005 жылы шетелдіктерге парсы тілін оқыту БББ бойынша Алламе Табатабаи университетінде (Тегеран) магистратура,  2021 жылы парсы тілі мен әдебиеті БББ бойынша Мохаққеқ Ардебили атындағы университеттте (Ардебил) докторантураны тамамдаған. Қазіргі таңда Имам Хомейни атындағы Халықаралық университеттің (Қазвин) парсы тілін оқыту кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының мүшесі.

Доктор М. Ходададианның зерттеу бағыты – парсы тілін шетелдіктерге оқытуда әдеби материалдарды пайдаланудың әдістемелік  моделдері.

Доктор Мехди Ходададиан 20-дан астам ғылыми мақалалардың, парсы тілін шетелдіктерге оқытуға арналған 2 оқулықтың авторы.

 

 

Боранбаева А.Ж.