- Басты бет
- Жаңалықтар
- Математика кафедрасының өкілдері ғалым-механиктер мен инженерлердің дүниежүзілік конгресіне қатысты
Математика кафедрасының өкілдері ғалым-механиктер мен инженерлердің дүниежүзілік конгресіне қатысты
2026 жылғы 3–4 қарашада Алматы қаласында ғалым-механиктер мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі – *World Congress of Mechanics Scientists and Engineers* өтті.
Ауқымды ғылыми іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті Математика кафедрасының өкілдері қатысты:
- Жумартова Балжан – 2-курс докторанты;
- Қасен Медина – оқытушы;
- Сайрам Нұргүл – 1-курс докторанты;
- Аяп Әсет – 2-курс магистранты;
- Мухамеден Дильназ – 1-курс магистранты;
- Маралов Дархан – 1-курс магистранты.
Кафедра өкілдері конгресс жұмысына тыңдаушы ретінде қатысып, отандық және шетелдік ғалымдардың пленарлық және секциялық баяндамаларын тыңдады. Қатысушылар механика, математикалық модельдеу, инженерия және заманауи технологиялар салаларындағы өзекті ғылыми зерттеулермен және жаңа нәтижелермен танысты.
Конгресс барысында теориялық және қолданбалы механиканың қазіргі мәселелері, инженерлік есептерді шешудің инновациялық әдістері, математикалық модельдеу мен есептеу технологияларын дамыту бағыттары талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар ғылыми пікірталастарға қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылыми байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Мұндай халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттарына сәйкес келеді.
Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.
Басқа жаңалықтар