- Басты бет
- Жаңалықтар
- Математика кафедрасының магистранттары ТМД елдері ғалымдарының VI форумына волонтер-гид ретінде қатысты
Математика кафедрасының магистранттары ТМД елдері ғалымдарының VI форумына волонтер-гид ретінде қатысты
2026 жылғы 29–30 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым: ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы өтті.
Халықаралық ғылыми іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті Математика кафедрасының 1-курс магистранттары волонтер-гид ретінде қатысты:
- Болат Үкі Дулатқызы;
- Сайдулла Зухра;
- Сырлыбаева Айгуль Талгатовна;
- Кадырхунова Аяжан Калымбековна;
- Алмас Ұлбибі Қанатбекқызы.
Магистранттар форум қонақтары мен қатысушыларын қарсы алып, оларға іс-шара бағдарламасы мен өткізу орындары бойынша бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар, баяндамашылар және форум қатысушылары арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етуге көмектесіп, іс-шараның ұйымдастырылуына белсенді үлес қосты.
Форум бағдарламасы пленарлық отырысты, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XIV отырысын және жасанды интеллектіні ғылымның түрлі салаларында қолдануға арналған тақырыптық дөңгелек үстелдерді қамтыды.
Іс-шара барысында жасанды интеллектінің ғылыми зерттеулерді дамытудағы рөлі, цифрлық трансформация, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, білім беру, медицина, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.
Магистранттардың халықаралық форумға волонтер-гид ретінде қатысуы олардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, шетелдік ғалымдармен және жас зерттеушілермен кәсіби байланыс орнатуына, сондай-ақ халықаралық ғылыми іс-шараларды өткізу тәжірибесін меңгеруіне мүмкіндік берді.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттарына сәйкес келеді.




Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.
Басқа жаңалықтар