Құрлық гидрологиясы кафедрасының 60 жылдығына орай мини-футбол турнирі өтті
2026 жылғы 17 қазанда «Құрлық гидрологиясы» кафедрасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «6В05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері арасында мини-футболдан спорттық турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, командалық рухты нығайту және жастардың өзара ынтымақтастығын арттыру.

Спорттық дода барысында студенттер өздерінің футбол алаңындағы шеберліктерін, ептіліктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ойындар тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кафедраның 60 жылдық мерейтойына орай жеңімпаз командаларға жалпы сомасы 60 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – 2-курс командасы (30 000 теңге);
🥈 ІІ орын – 1-курс командасы (20 000 теңге);
🥉 ІІІ орын – 1-курс командасы (10 000 теңге).

Сонымен қатар, турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
⚽ «Үздік ойыншы» – 2-курс студенті Абылханов Данияр;
⚽ «Үздік қорғаушы» – 1-курс студенті Болат Архат;
⚽ «Үздік бомбардир» – 1-курс студенті Ақынбаба Дархан.

Аталған турнир кафедраның мерейтойын атап өту аясындағы маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болды. Жарыс студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұйымшылдығы мен командалық бірлігін нығайтуға ықпал етті.
Құрлық гидрологиясы кафедрасының 60 жылдық мерейтойы құтты болсын! Кафедра ұжымына толағай табыс, ал студенттерге биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Басқа жаңалықтар