ҚазҰУ студенттері Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-іне барды
2026 жылғы 5 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Тұрдыбүви Қазақбаеваның жетекшілігімен Ш. Шөкин атындағы Қапшағай су электр станциясына оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға «6B05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Гидротехника және мелиорация» пәні аясында қатысты.
Экскурсия барысында студенттер су электр станциясының жұмыс істеу қағидаттарымен, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану ерекшеліктерімен және электр энергиясын өндіру үдерістерімен танысты.

Іс-шара ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 7 «Қолжетімді және таза энергия» және ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарына сәйкес студенттердің теориялық білімдерін бекітуге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
Метеорология және гидрология кафедрасы экскурсияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені, жылы қабылдағаны және станция жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің басшылығы мен ұжымына шынайы алғысын білдіреді. Мұндай ынтымақтастық болашақ мамандарды сапалы даярлауға және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар