Әл-Фараби мұраларындағы гуманизм мәселелері

25 қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақ ұлттық университетіне Ұлы ойшыл бабамыздың есімінің берілгеніне 25 жыл толуына арналады

2016 ж. 26-қазан күні сағат 11:00 де ( Әл-Фараби мұражайы, кітапхана)  Университет Музейі мен «Әл-Фараби ғылыми –зерттеу орталығы»  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  «Әл-Фараби мұраларындағы гуманизм мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізеді.  

Дөңгелек үстел - «Кіші Фараби академия» мен Алматы қаласының № 45 әл-Фараби атындағы жалпы білім беру орта мектебі оқушыларының қатысуымен өтеді.

Негізгі мақсаты – Ұрпақтар сабақтастығы арқылы әл-Фараби мұраларындағы білім, ғылым, ізгілік, адамгершілік  жалпы гуманизм мәселелерін зеректей отырып, жас ұрпақ бойында ұлттық сана, бірлік пен татулық, ынтымақтастық пен тәуелсіздік идеяларын қалыптастыру. 

 Міндеттері  – Университет Музейлері мен әл-Фараби ғылыми –зерттеу орталығының оқушылар мен студент жастардың бойында ұлтжандылық пен рухани-адамгершілікті қалыптастырудағы тәрбиелік мәні.

Өткізілетін уақыты: 2016 ж. 26-қазан күні сағат 11:00 (сәрсенбі).

Ұйымдастырушылар: Университет музейі мен «Әл-Фараби ғылыми –зерттеу орталығы»

Өткілітетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана, 1 қабат, Музей

Қатысушыларға есік ашық!