Бокс — ҚазҰУ

Бокс

6 қараша 2026
Бокс

29.10-06.11.2026. Қазақстан Республикасы, Тараз. Бокс.

Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты. 

Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 370-ке жуық үздік спортшы қатысып, ең мықтыларын анықтады.

Аталмыш чемпионатта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

Медицина факультетінің қысқартылған оқу бөлімінің (дене шынықтыру және спорт) 1 курс студенті Сейдиш Бақыт 70 келі салмақ дәрежесінде 1 орын алып, Қазақстан чемпионы атанды.

Медицина факультетінің 2 курс студенті (дене шынықтыру және спорт) Нұрқабылұлы Мұхит 70 кг салмақ дәрежесінде 3-орынға ие болды.

Медицина факультетінің қысқартылған оқу бөлімінің (дене шынықтыру және спорт) 2 курс студенті Мұрсал Нұрбек 75 келі салмақ дәрежесінде 1 орын алып, Қазақстан чемпионы атанды.

Құттықтаймыз!

Спорт клубы, СӨС орталығы

Басқа жаңалықтар