- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жақсылық жасау – жүректен» тақырыбындағы көмек көрсету және қолдау білдіру шарасы
«Жақсылық жасау – жүректен» тақырыбындағы көмек көрсету және қолдау білдіру шарасы
2026 жылдың 6 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 304-топ студенттері куратор-эдвайзер Қонысбай Б.М. жетекшілігімен жұма күніне орай ұйымдастырылған «Жақсылық жасау – жүректен» тақырыбындағы көмек көрсету және қолдау білдіру шарасына қатысты.
Іс-шара барысында студенттер қоғам мүшелеріне көмек көрсетіп, қолдау білдіруге бағытталған игі бастамаға белсенді атсалысты. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.
Аталған шара студенттерге адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын тереңірек түсінуге, айналадағы адамдарға құрметпен қарап, қажет жағдайда қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жұма күнінің ізгілік пен жақсылыққа үндейтін мәнін негізге ала отырып, қатысушылар игі істердің қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, бойларында мейірімділік, қамқорлық және белсенді қоғамдық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді. Жақсылық жасау – қоғамның рухани құндылықтарын нығайтатын маңызды қасиет. Әрбір игі іс пен көрсетілген қолдау қоғамдағы ізгілік пен адамгершіліктің артуына өз үлесін қосады.
Басқа жаңалықтар