Ұлттық өнер – рухани мұра және тұрақты дамудың құндылығы — ҚазҰУ

Ұлттық өнер – рухани мұра және тұрақты дамудың құндылығы

6 қараша 2026
Ұлттық өнер – рухани мұра және тұрақты дамудың құндылығы

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерттік залында өткен «Әлем таныған әсем топ» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.
Концерт оркестрдің негізін қалаушылар Махамбет Бөкейханов, Лұқпан Мұхитов, Қамбар Медетов сынды музыка өнерінің майталмандарын еске алуға арналды.
Ұлттық оркестрдің орындауындағы әндер мен күйлер тыңдаушыларға ерекше рухани әсер сыйлап, қазақтың бай музыкалық мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Іс-шара ұлттық өнерді дәріптеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту тұрғысынан маңызды болды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында ұйымдастырылды.
Ұлттық өнерді тану – рухани байлықты сақтау мен мәдени сабақтастықты жалғастырудың маңызды қадамы!