Әл-Фараби халықаралық симпозиумындағы сөзі — ҚазҰУ

Әл-Фараби халықаралық симпозиумындағы сөзі

6 қараша 2026
Әл-Фараби халықаралық симпозиумындағы сөзі

Құрметті Ерлан Тынымбайұлы!

Құрметті халықаралық симпозиумға қатысушы ғалымдар,

зиялы қауым өкілдері, қадірлі қонақтар!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қара шаңырағына қош келдіңіздер!

Адамзаттың екінші ұстазы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық жиынды өткізу – біз үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

«Әл-Фараби мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. 

Ұлы ойшылдың «Ізгі қоғам» және «Кемел адам» туралы тұжырымдары қазіргі жаһандық әлемде ғылым мен білімді, адамгершілік пен парасатты ұштастырудың теңдессіз темірқазығы», – деп атап өткен еді.

Әділетті Қазақстанды құру, «Адал азамат» пен «Ізгі қоғам» идеяларын орнықтыру бағытындағы Президент бастамалары әл-Фарабидің ізгілік пен әділеттілік философиясымен үндеседі.

Мемлекет басшысының ғылым мен жасанды интеллектіні дамыту бағыты да технологиялық өрлеуді рухани құндылықтармен ұштастырудың маңызын көрсетеді.

Біздің университет ұлы ойшылдың ғылыми және адамгершілік мұрасын өз дамуының басты бағдары санайды.

ҚазҰУ ұлы баба мұрасын әлемдік деңгейде жүйелі зерттеп, насихаттау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. 

Бүгінде университетіміздің шетелде 9 «Әл-Фараби» ғылыми-мәдени орталығы табысты жұмыс істеуде. 

Атап айтсақ: Ыстамбұл, Исламабад, Бұхара, Кастамону, Афины, Дамаск, Токио, Нью-Дели және София қалаларында орналасқан.

Осы жүйелі ізденістеріміздің нақты нәтижесі ретінде 2025 жылы жарық көрген үштілді философиялық терминдер сөздігі мен 20 томдық «Фарабитану» басылымын ерекше атап өтуге болады.

Бүгінгі симпозиумның халықаралық ауқымы мен академиялық деңгейі жоғары.

Арамызда Малайзия, Қытай, Ресей, Түркия, Иран, Тунис, Жапония, Италия, Моңғолия және Өзбекстаннан келген ғалымдар мен құрметті қонақтар бар.

Бүгін университетіміздің өмірінде екі маңызды оқиға орын алады:

университетіміздің Дінтану және мәдениеттану кафедрасына ресми түрде «ICESCO Chair» жоғары мәртебесі беріледі.

ҚХР-дың Чжэнчжоу қаласында, Чжэнчжоу университетінің базасында «Әл-Фараби» орталығының филиалы салтанатты түрде ашылады. 

Бұл бастамалар ҚазҰУ қалыптастырып келе жатқан халықаралық фарабитану желісін кеңейтіп, ғылыми ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.

 

Қадірлі симпозиум қатысушылары!

Отырар топырағында дүниеге келген әл-Фараби – Шығыс пен Батыстың ойлау дәстүрлерін тоғыстырған ұлы ойшыл.

Оның логика, метафизика, этика және саясат жөніндегі идеялары бүгін де маңызын жойған жоқ.

Ғылыми-технологиялық жаңғыру мен жасанды интеллект дәуірінде бұл мұраның өзектілігі артып отыр.

Өйткені технология мүмкіндікті кеңейтеді, ал оны ізгілікке бағыттайтын күш – ақыл-парасат пен жауапкершілік.

Симпозиум жаңа ғылыми байланыстар мен маңызды тұжырымдарға жол ашады деп сенемін.

 

Уважаемые гости!

В центре философии аль-Фараби – человек и его духовно-интеллектуальное совершенствование.

Мыслитель видел высшую цель человека в стремлении к знаниям, добродетели и истинному счастью.

Подлинное счастье, по Фараби, достигается не материальными благами, а интеллектуальной и нравственной зрелостью.

При этом совершенствование личности и развитие общества неразрывно связаны.

Эта идея воплотилась в учении о «Добродетельном городе».

Общество должно объединять людей ради общего блага и создавать условия для достойной жизни каждого.

Правитель обязан руководствоваться знаниями, мудростью, справедливостью и ответственностью.

Главная цель власти – благополучие граждан, а не личная выгода. 

В этом заключается современное значение наследия аль-Фараби.

 

Құрметті симпозиумға қатысушы ғалымдар, қонақтар!

Зерттеу мен насихаттау ісінде Қазақстанның фарабитану мектебі маңызды орын алады.

Отырарда туған ойшылдың мұрасын зерделеп, оны әлемдік ғылымға таныту – біздің ортақ міндетіміз.

Отандық фарабитану мектебі ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.

Оған Ақжан әл-Машани, Ағын Қасымжанов, Клара Тәжікова, Ауданбек Көбесов және Әбсаттар Дербісәлі зор үлес қосты.

1975 жылы Алматыда әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған халықаралық форум өткізіліп, бұл ғылымның дамуына тың серпін берді.

1993 жылы университетте Әл-Фараби ғылыми орталығы құрылды. 

Ал 2020 жылы ЮНЕСКО аясында ойшылдың 1150 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтті.

 

Қадірлі қауым!

XXI ғасырдағы ғылыми-технологиялық өзгерістер жаңа этикалық міндеттер қойып отыр.

Жасанды интеллект адам мүмкіндігін кеңейткенімен, адамгершілік пен жауапкершіліктің орнын алмастыра алмайды.

Әл-Фараби бізге білім мен ақыл-парасаттың шынайы құндылығы адам мен қоғам игілігіне қызмет етуде екенін үйретеді.

Сондықтан технологиялық ілгерілеу әділеттілік, сенім және адам қадір-қасиетімен қатар жүруге тиіс.

Ғұлама мұрасын бүгінгі заман тұрғысынан зерделеу – болашақ қоғамның құндылықтық бағдарын айқындайтын маңызды міндет.

Баршаңызға ортақ іске қосқан үлестеріңіз бен жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. 

Симпозиум жұмысы табысты болсын!