ҚазҰУ студенттері халықаралық байқауда топ жарды! — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері халықаралық байқауда топ жарды!

30 қазан 2026
ҚазҰУ студенттері халықаралық байқауда топ жарды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс студенттері Астана қаласында өткен «ТМД-ның үздік студенті» және «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Атап айтқанда:

  • Улухманова Ақжан Бақытжанқызы – «ТМД-ның үздік студенті» және «Түркі халықтарының үздік студенті» аталымдары бойынша І дәрежелі дипломдар, төсбелгі, үздік студент куәлігі және арнайы статуэтка иегері.
  • Медет Зере – «ТМД-ның үздік студенті» аталымы бойынша І дәрежелі диплом иегері.
  • Қалманбаева Айдана – «ТМД-ның үздік студенті» аталымы бойынша І дәрежелі диплом иегері.
  • Амангельды Аяулым – «ТМД-ның үздік студенті» аталымы бойынша І дәрежелі диплом иегері.

Бұл жетістік – студенттердің білім мен ғылымға деген ұмтылысының, сондай-ақ қоғамдық белсенділігінің нәтижесі.

Топ эдвайзері-жетекші – филология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Бауыржан Иманғалиев.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!