«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғайық!» экологиялық акциясы өткізілді. — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғайық!» экологиялық акциясы өткізілді.

10 қараша 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғайық!» экологиялық акциясы өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер Г.А. Ахметованың ұйымдастыруымен БТ-25-02 К және БТ-25-03 К топтарының студенттері арасында «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғайық!» тақырыбында экологиялық акция өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу.

Экологиялық акция барысында студенттер университет кампусының аумағын тазарту жұмыстарына белсенді қатысып, түскен жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтарды жинады. Бірлескен жұмыс арқылы студенттер университет аумағының тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық тазалықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер табиғатты қорғаудың әрбір азаматтың күнделікті жауапкершілігінен басталатынын іс жүзінде көрсетті.

Акция қорытындысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа жанашырлықпен қарау қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарттарының бірі екендігі атап өтілді.

«Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!»