Жатақханадағы ерекше кеш — ҚазҰУ

Жатақханадағы ерекше кеш

9 қараша 2026
Жатақханадағы ерекше кеш

9 қараша күні студенттер жатақханасында жастардың бос уақытын тиімді, қызықты әрі мағыналы өткізу мақсатында ерекше форматтағы ойын кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында студенттерге терең ой салатын сұрақтар мен тапқырлықты талап ететін қызықты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, қатысушылар «Бақыт дегенді бір сөйлеммен қалай түсіндірер едіңіз?», «Сіз үшін жақсы адам қандай болу керек?» және «Жатақхананың қандай ережесін өзгертер едіңіз?» деген сұрақтарға өздерінің шынайы әрі тұшымды жауаптарын берді.

Сонымен қатар, студенттер «бір затты атын атамай жарнамалау», «қолды бір бағыттан ауыстырмай 5 жұлдыз салу» секілді креативті тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін көрсетті. 

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — студенттердің ата-аналарына қоңырау шалып, жақсы көретіндерін айтуы болды. Бұл сәт барша қатысушыларға ерекше жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ойын соңында белсенділік танытып, тапсырмаларды сәтті орындаған барлық студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды!

Кештің жарқын өтуіне атсалысқан барша жастарға үлкен алғыс білдіреміз!