Алматы қаласының тарихи-мәдени мұрасын туристік маршруттар арқылы таныту
2026 жылғы 9 қарашада Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы С.А. Моминов 6В11101 – «Туризм» білім беру бағдарламасының төртінші курс қазақ бөлімінің студенттерімен «Туристік маршруттарды жобалау» пәні аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында аудиториядан тыс практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – Алмалы ауданындағы тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштері мен өзге де көрікті нысандардың туристік әлеуетін бағалау, олардың тартымдылығын анықтау және қала бойынша ұйымдастырылатын туристік маршруттарға енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.

Практикалық сабақ барысында студенттер ауданның көрікті орындарымен танысып, олардың туристік маңыздылығын, қолжетімділігін, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін және келушілер үшін тартымдылығын бағалады. Сонымен қатар нысандардың өзара орналасуы мен логистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды біріктіретін туристік маршруттарды қалыптастыру жолдары қарастырылды.

Аудиториядан тыс сабақ студенттердің туристік ресурстарды талдау, аумақтың туристік әлеуетін бағалау және туристік маршруттарды жобалау бойынша практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар