- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студенттердің құқықтық сауаттылығы мен академиялық адалдығын нығайтуға арналған кездесу өтті
Студенттердің құқықтық сауаттылығы мен академиялық адалдығын нығайтуға арналған кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық сауаттылық және академиялық адалдық қағидаттары» тақырыбында студенттерге арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және студенттердің жауапкершілік деңгейін нығайту.
Іс-шара барысында «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы Жорабаева Ж.К. құқықтық мәдениет пен академиялық адалдық қағидаттарының білім беру жүйесіндегі маңызына тоқталды.
Атап айтқанда, студенттердің өз құқықтары мен міндеттерін білуі, оқу үдерісінде адалдықты ұстануы, академиялық этика нормаларын сақтауы және жеке жауапкершілікті сезінуі мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын сақтау болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен этикалық ұстанымдарын қалыптастырудың маңызды шарты екені атап өтілді.
Аталған кездесу студенттердің құқықтық білімін кеңейтуге, білім беру ортасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға және академиялық мәдениетті дамытуға бағытталды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Жорабаева Ж.К., Кукиев А.Ж. және Кыздарбекова А.С.
Мұндай тәрбиелік-танымдық кездесулер студенттердің құқықтық санасын дамытуға, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға және жауапты кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.