Ұлжан Әбілқасым - республикалық ғылыми байқауының жүлдегері
10 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің «6B05202 - Экология» мамандығының 4-курс студенті Ұлжан Әбілқасым 2026 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында «7M05209-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша III орынға ие болды.
Байқауға ұсынылған жұмысының тақырыбы - «Алматы қаласы жағдайында ақаба суларды аэрациялық тазарту технологиясының тиімділігін геоэкологиялық бағалау».
Ғылыми жетекшісі - Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы А. М. Мухитдинов.
Ұлжанды жетістігімен құттықтап, жаңа ғылыми табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026