ҚазҰУ-де «TENGE CHALLENGE – 2026» республикалық олимпиадасы өтті
2026 жылғы 9 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күніне арналған «TENGE CHALLENGE – 2026» республикалық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өтті.
Іс-шараны «Қаржы және есеп» кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану, аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту.
Олимпиадаға еліміздің 7 жоғары оқу орнынан 9 команда, барлығы 27 студент қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз университеті, Каспий қоғамдық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Алматы технологиялық университеті, META университеті және Тұран университетінің студенттері өзара бақ сынасты.
Сайыс қазақ және орыс тілдерінде бес кезең бойынша ұйымдастырылды: «Біздің команда» – бейнетаныстырылым, «Kahoot Quiz» – интерактивті тестілеу, «Finance Quiz» – интеллектуалдық викторина, «Finance Case» – практикалық қаржылық кейс және «Капитандар шайқасы» – қаржылық білім мен логикалық ойлауды бағалауға арналған қорытынды кезең.
Қатысушылар қаржылық есептеулер жүргізу, қаржылық жағдайларды талдау, тиімді шешім қабылдау және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
I дәрежелі диплом иегерлері
«FINTRIO» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Қатысушылар: Есенжол Зере, Саурбек Сымбат, Хамытбек Аселя.
Ғылыми жетекшілері: Жумадилова Т.Б., Супугалиева Г.И.
«Big3» – Нархоз университеті.
Қатысушылар: Зоиров Анушервон Джамшедович, Найкина Дария Айбекқызы, Садыкова Дильназ Азаматовна.
Ғылыми жетекшісі: Мұқан Мөлдір Маратқызы.
II дәрежелі диплом иегерлері
«TENGE News» – М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті.
Қатысушылар: Қасым Даниал Қанатұлы, Лесбек Мирас Жанатұлы, Абілғазы Айжан Қайратқызы.
Ғылыми жетекшілері: Молдабекова А.Ш., Муратова Д.Б.
«Tenge триосы» – Алматы технологиялық университеті.
Қатысушылар: Тәукебай Аружан, Жүсіпәлі Ұлан, Нұрбекұлы Елжас.
Ғылыми жетекшісі: Кумарханова Нұргүл Нұрмышовна.
«ДисконтКОД» – Каспий қоғамдық университеті.
Қатысушылар: Байжума Рамазан Айбарулы, Жакамбаева Молдир Канатовна, Зикруллаев Ринат Шухратович.
Ғылыми жетекшісі: Большекбаева Карлыгаш Ондасыновна.
«Стабильный Курс» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Қатысушылар: Таипов Алихан Тимурович, Караваев Денис Евгеньевич, Бақтыбек Алуа Нұрланқызы.
Ғылыми жетекшісі: Курбанова Карлыгаш Абдуллаевна.
III дәрежелі диплом иегерлері
«TurFin 3» – Тұран университеті.
Қатысушылар: Өмен Анеля Бақтиярқызы, Үсенхан Шұғыла Даниярқызы, Қайрат Нурикамал Қуатқызы.
Ғылыми жетекшісі: Пралиева Сагынкуль Жуанышкызы.
«FinIQ» – Каспий қоғамдық университеті.
Қатысушылар: Матай Зере, Сайлаубай Малика, Қорғасқызы Меруерт.
Ғылыми жетекшісі: Өмір Айнұр Жұмаханқызы.
«META Finance» – META университеті.
Қатысушылар: Смагул Жулдыз Ардаккызы, Мусаев Руслан Тохтахович, Саттаров Нурдаулет Нурлыбекулы.
Ғылыми жетекшісі: Иманкулова Бахыткуль Борисовна.
Жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар студенттерді сайысқа дайындап, олардың кәсіби білімін дамытуға үлес қосқан ғылыми жетекшілерге арнайы алғыс хаттар табысталды.
Олимпиаданы ұйымдастыруға «Қаржы және есеп» кафедрасының зерттеуші-профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Асилова А.С., аға оқытушы Қыздарбекова А.С. және «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері белсенді атсалысты.
Іс-шара ұлттық күй өнерімен сүйемелденіп, мерекелік көңіл күйде өтті. Қорытындысында қатысушылар, ғылыми жетекшілер мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсті.
«TENGE CHALLENGE – 2026» олимпиадасы студенттердің қаржылық білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!