- Басты бет
- Жаңалықтар
- Климаттың өзгеруі және су ресурстары мәселелеріне арналған кезекті ғылыми семинарлар өтті
Климаттың өзгеруі және су ресурстары мәселелеріне арналған кезекті ғылыми семинарлар өтті
10 қараша күні География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында климаттың өзгеруі, су ресурстарын бағалау және Қазақстан өзендерінің ағындысын болжау мәселелеріне арналған кезекті ғылыми семинарлар өтті.
Семинарлар аясында келесі ғылыми баяндамалар ұсынылды:
Белдеубаев CMIP6 климаттық модельдерінің NASA-NEX GDDP деректер базасын климаттық өзгерістерді бағалау мақсатында пайдалануға арналған зерттеуін таныстырды. Ғылыми жетекшілері: Е.Е. Сальников және Виталий Григорьевич Марченко.

Ақжарқынова А.Н. «Климаттың өзгеруі жағдайында Іле-Балқаш алабының негізгі өзендерінің жылішілік ағындысын бағалау» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды. Ғылыми жетекшілері: Абдрахимов Р.Г. және Нахидуззаман К.М.
.jpeg)
Сайлаубек А.М. «Жайық алабындағы трансшекаралық өзендердің Қазақстандық бөлігі үшін су тасу кезеңі ағындыларының қазіргі және келешектегі жағдайын бағалау» тақырыбындағы зерттеуін таныстырды. Ғылыми жетекшілері: Алимкулов Саят Курбанбаевич және Дэниел Сноу. Ұсынылған зерттеулер Қазақстанның су ресурстарына климаттың өзгеруінің ықпалын бағалауға байланысты өзекті ғылыми мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, заманауи климаттық деректер мен модельдеу әдістерін қолдану арқылы өзендердің гидрологиялық режиміндегі ықтимал өзгерістерді талдауға, ағындының маусымдық таралуын бағалауға және болашақтағы су ресурстарының жағдайын болжауға ерекше назар аударылды. Семинар барысында ұсынылған ғылыми жұмыстар бойынша пікір алмасу жүргізіліп, зерттеу әдістемесін жетілдіру, алынған нәтижелерді интерпретациялау және ғылыми жұмыстарды одан әрі дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар берілді.

Осындай ғылыми семинарларды өткізу кафедраның ғылыми қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар зерттеушілердің ғылыми құзыреттілігін дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай кездесулер білім мен тәжірибе алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға және метеорология, климатология мен гидрология салаларындағы перспективалы зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар