ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларға арналған «Қаржылық сауаттылық. Жеке қаржыны тиімді пайдалану» тақырыбында интерактивті тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, қаржылық жауапкершілікке баулу және саналы экономикалық шешім қабылдауға үйрету.
Тәрбие сағаты барысында тыңдаушылар жеке бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды тиімді басқару, қаражат жинақтау, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және интернет алаяқтықтан қорғану жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар қаржылық резерв қалыптастырудың, жинақтау мәдениетін дамытудың және білімге инвестиция салудың маңыздылығы талқыланды.
Интерактивті сабақ барысында қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдайларды талдап, жеке бюджетті дұрыс жоспарлау және қаржылық шешім қабылдау бойынша өз ойларымен бөлісті.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 4 – «Сапалы білім» және ТДМ 10 – «Теңсіздікті азайту» бағыттарымен үндеседі. Қаржылық сауаттылықты дамыту жастардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қаржылық тәуелсіздігін нығайтуға және өмір бойы білім алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай танымдық іс-шаралар білім алушылардың қаржылық мәдениетін жетілдіріп, болашақта жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қаржылық сауаттылық – саналы таңдау мен жарқын болашақтың кепілі!
Басқа жаңалықтар