Сапалы білім мен ұлттық мұра сабақтастығы: ТДМ 4 аясындағы кураторлық кездесу
11 қараша 2026
2026 жылдың 11 қарашасы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында 208-топ студенттерімен салтанатты әрі мазмұнды кураторлық іс-шара өтті.
Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Куаналиева Гульдана Амангельдиевна, куратор-эдвайзер Жапаков Сабыржан Малиевич, шақырылған қонақ — домбыра шебері Жумабаев Ғани Сейтжанович пен 208-топ студенттері қатысты.

Кездесу барысында БҰҰ-ның ТДМ 4: «Сапалы білім беру» (жастардың жан-жақты білім алып, рухани дамуын қамтамасыз ету) бағыты арнайы таңдалып, кеңінен талқыланды. Кафедра меңгерушісі Гульдана Амангельдиевна құттықтау сөз сөйлеп, сапалы білім беру мен ұлттық мұраны ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында домбыра шебері Ғани Сейтжанович қазақтың төл өнері мен ұлттық аспап жасаудың қыр-сырын көрсетіп, мәдени мұраны сақтау туралы ой бөліссе, куратор-эдвайзер Сабыржан Малиевич ТДМ аясындағы студенттердің тәрбиелік және академикалық дамуына тоқталды. Жиын соңында 208-топ студенттері спикерлерге сұрақтар қойып, ұлттық құндылықтарды сақтау және сапалы білім алу төңірегінде еркін пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар
13 қараша 2026
13 қараша 2026