ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ БИОӘРТҮРЛІЛІК МОНИТОРИНГІ — ҚазҰУ

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ БИОӘРТҮРЛІЛІК МОНИТОРИНГІ

13 қараша 2026
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ БИОӘРТҮРЛІЛІК МОНИТОРИНГІ

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Зоология институтының ғалым хатшысы Танабекова Г.Б. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоалуантүрлілік мониторингі»: тәжірибе алмасу, бақылау әдістерін біріздендіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимылы және талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу» дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Сондай-ақ, 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулер» тақырыбында баяндама жасап, биоалуантүрлілікті сақтау, жануарлар дүниесін зерттеу және ғылыми мониторинг жүргізудің заманауи тәсілдері туралы ақпарат ұсынды.

Баяндама барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесінің түрлік құрамын түгендеу, сирек және жойылып бара жатқан түрлердің популяцияларын бақылау, олардың таралу ерекшеліктерін зерттеу және табиғи экожүйелердің жағдайын бағалау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулерде фототұзақтарды, GPS құрылғыларын, акустикалық мониторингті, генетикалық талдауды және қашықтан зондтау технологияларын қолданудың мүмкіндіктері таныстырылды. Ғылыми мониторингтің сапасын арттыруға ерекше назар аударылып, далалық зерттеу әдістемелерін біріздендіру, тұрақты бақылау бағыттары мен алаңдарын белгілеу, ғылыми деректер базасын қалыптастыру және зерттеу нәтижелерін биостатистикалық әдістер арқылы өңдеудің маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін табиғатты қорғау шараларын жоспарлауда, жануарлар популяцияларын басқаруда, табиғи мекендеу орталарын қалпына келтіруде және экологиялық туризмді реттеуде тәжірибелік тұрғыдан пайдалану мәселелері қозғалды.