Заң факультетінде өткен халықаралық конференцияда өзекті құқықтық мәселелер қаралды — ҚазҰУ

Заң факультетінде өткен халықаралық конференцияда өзекті құқықтық мәселелер қаралды

13 қараша 2026
Заң факультетінде өткен халықаралық конференцияда өзекті құқықтық мәселелер қаралды

2026 жылғы 13 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Еңбек қатынастарын реттеудің конституциялық қағидаттары – адами капиталды дамыту және әрбір адамның өмір сүру сапасын арттыру стратегиясының негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна бастаған кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі өзекті құқықтық мәселелер талқыланып, ғылыми пікір алмасулар жүргізілді. Конференция жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Баяндамалар мазмұны қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, құқық саласындағы өзекті мәселелерді шешудің жаңа бағыттары айқындалды.