«Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы шықты — ҚазҰУ

«Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы шықты

16 қараша 2026
«Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы шықты

2025 жылғы 15 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде «Ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы өтті. Байқау комиссиясының отырысы да осы күні болды. Биыл байқауға Қазақстанның 17 жоғары оқу орнынан 62 жұмыс келіп түсті.

Жұмыстарды базалық ЖОО Басқарма төрағасы – Ректордың 25.04.2025 ж. №248 бұйрығымен бекітілген 9 адамнан тұратын комиссия бағалады. Комиссия төрағасы – Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Д.О. Оралбекова.

Комиссия шешімімен келесі студенттер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсынылды:

  •  I дәрежелі диплом

Чубарова И.С. (Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті). Тақырыбы: «Исследование нейронных сетей как инструмента для анализа и классификации сосудистых структур на изображениях глазного дна». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б. Тусупова.

  •  II дәрежелі диплом

Огай Михаил (Қазақстан-Британ техникалық университеті). Тақырыбы: «Multimodal AI Agent for enhanced decision-making». Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор И.Р. Ахметов.
Саттархужаева Д.Т., Хайруллаева А.Б. (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті). Тақырыбы: «Development of translator from Kazakh sign language to speech “DauysYm” with using dynamic gesture recognition». Ғылыми жетекшісі: ассистент-профессор Ә.Қ. Әйтім.

  •  III дәрежелі диплом

Асетұлы Шерхан, Нұрланқызы Салтанат (Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті). Тақырыбы: «Музыка Абая в мире технологий: анализ и воспроизведение на Arduino». Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор, МАИН академигі В.Б. Рыстыгулова.
Рузгалиев Н.Б. (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті). Тақырыбы: «Терең оқыту әдістерін пайдалану арқылы рентген суреттерін талдау негізінде өкпе ауруларын ерте анықтау жүйесін құру». Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. А.С. Кәрібаева.
Икласов Д.Б., Тохтарбаев М.М., Нусипбеков Ж.Х. («Тұран» университеті). Тақырыбы: «Разработка игры для изучения истории Казахстана с использованием адаптивного ИИ: Путь Великого Ханства». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., «Тұран» университеті Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің директоры С.Т. Мамбетов.

Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Барлық қатысушыға алғыс айтып, ғылыми ізденістеріне табыс тілейміз!