«АГРЕССИЯНЫ БАСҚАРУ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН ДАҒДЫЛАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ — ҚазҰУ

«АГРЕССИЯНЫ БАСҚАРУ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН ДАҒДЫЛАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

«АГРЕССИЯНЫ БАСҚАРУ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН ДАҒДЫЛАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы сіздерді «Агрессияны басқару техникалары мен дағдылары» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысуға шақырады.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында, атап айтқанда, ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаттарымен байланысты өткізіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар агрессияны басқару мәселелерін талқылап, кәсіби қызметте және күнделікті қарым-қатынаста қолдануға болатын техникалар мен практикалық дағдылармен танысады.

Іс-шара туралы ақпарат:

  • Күні: 2026 жылғы 4 желтоқсан

  • Уақыты: 10:00

  • Өтетін орны: «Жан-Сая» дағдарыс орталығы

  • Форматы: семинар-тренинг

Ұйымдастырушылар:

  • Абдирайымова Г. С. - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор;

  • Кенжакимова Г. А. - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор;

  • Шабденова А. Б. - PhD, доцент, қауымдастырылған профессор;

  • Саймасаева А. А. - PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.

Сіздерді семинар-тренингке қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға шақырамыз!