Джиенбаланов Сырым Бекетович — ҚазҰУ
Джиенбаланов Сырым Бекетович

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D10104 – Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Джиенбаланов Сырым Бекетовичтің «Қазақстан Республикасының дәріхана ұйымдарында персоналды басқаруды оңтайландырудың әдіснамалық тәсілдерінің ғылыми негіздемесі»  тақырыбында диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасында орындалған.

Қорғау форматы – диссертация.

Қорғау тілі – қазақ тілі. 

 

Ресми рецензенттер:

1. Ботабаева Рауан Еркебаевна – PhD, «Дәрілер технологиясы және фармацевтикалық істі ұйымдастыру» кафедрасы доцентінің м.а., «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (Шымкент қ., Қазақстан).

Мамандығы: «6D110400 – Фармация»

2. Оразбаева Перизат Зарухановна – PhD, қауымдастырылған профессор, Фармация мектебі, «Петр Поспелов атындағы Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ (Қарағанды қ., Қазақстан).

Мамандығы: «6D110400 – Фармация»

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Калыкова Асем Сериковна – PhD, қауымдастырылған профессор, Іргелі медицина кафедрасының меңгерушісі, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан).

2. Жакипбеков Кайрат Сапарханович – PhD, профессор, Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының меңгерушісі, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан).

3. Наоко Аракава – PhD, қауымдастырылған профессор, Фармация мектебі, «Ноттингем университеті», Халықаралық фармацевтикалық федерацияның (FIP) білім беру операциялары жөніндегі вице-президенті (Ноттингем қ., Ұлыбритания).

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пехливанлы Айсель – PhD, Фармация факультетінің фармакология және клиникалық фармация кафедрасының ассистент-профессоры, «Башкент университеті» (Анкара, Түркия).

2. Азембаев Амир Аканович – Фармацевтика ғылымдарының докторы, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ директоры (Алматы қ., Қазақстан). 

3. Аль-Хавамде Маи Иссам – PhD, Фармация колледжі ассистент-профессоры «Амман Араб университеті» (Амман, Иордания). 

 

Қорғау 2026 жылғы 24 желтоқсан сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 303 кабинеті, аль-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.

 

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/93212853983?pwd=d7u7ea1YJXu2FUjAJGlQ0jr3qhJfrU.1 

Конференция идентификаторы: 932 1285 3983

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы