БҰҰ моделі Ақтөбеде

21 қараша, 2016

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде халықаралық студенттік БҰҰ Моделі және тренинг өткізілді. «БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы» -  бұл ой-талқы тәртібінде және студенттік конференция ретінде өтетін әйгілі әлемдік бағдарлама. БҰҰ Моделі Қазақстандағы әртүрлі жоғарғы оқу орындарындағы студенттер күшімен  Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін нақты уақытта орындауға мүмкіндік береді. Бір күнде студенттер елшілерге айналып, БҰҰ өкілдері ретінде қатысты. Аталған іс-шарада студенттер «Терроризммен күресудің ғаламдық стратегиясы» атты тақырыпты талқылайды.

БҰҰ Моделінің қатысушыларын БҰҰ-ның  Академиялық әсер ету (UN Academic Impact) бағдарламасының белсенді қатысушысы болуға шақыратын, студенттер мен жастарға арналған БҰҰ-ның Бас хатшысының жолдауы шабыттандырды. Бұл бағдарлама әлемнің ең үздік университеттерін бірлестіреді. Олар оқу бағдарламалары мен әлем және әлемдегі демократиялық құндылықтарды қолдау курстары арқылы БҰҰ-ның негізгі идеясын қолдайды. Аталған шара БҰҰ ақпараттық бюросының, Алматы қаласындағы АҚШ-тың Бас консульдігінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қолдауымен өткізілді. 18-ші қараша күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бірқатар семинарлар мен тренингтер өткізілді. Студенттер бұл шара арқылы халықаралық келіссөздер кезіндегі өзара қарым-қатынас пен жүріс-тұрыс ережелерін жоғарғы деңгейде меңгерді.  БҰҰ Моделі – бұл демократия мәселесі туралы ой талқылауды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар жұрт алдында сөз сөйлеуді уйренуге мүмкіндік берді. Бұл сонымен бірге, жаңа достар мен мүдделес адамдарды ғана емес, және Ұлы Жібек Жолы аумағы мен халықаралық дәрежеде байланыстар табу.

Дайындық барысында БҰҰ Моделінің қатысушыларына, Орталық және Оңтүстік Азия аймағындағы студенттер мен жастарға бағытталып өткізіліп отырған шараның маңыздылығын ерекше айтып өткен, Қазақстандағы БҰҰ қоғамдық ақпараттық департаментінің өкілі Властимил Самек ерекше қолдау көрсетті.

Бағдарлама коордианторы  «БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы» өте маңызды бастама деп санайды. Бұл Ұлы Жібек Жолы аймағындағы мемлекеттер арасында қарым-қатынасты нығайтатын және студенттерге әртүрлі жаһандық мәселелерді өз бетінше талқылауға мүмкіндік беретін, Орталық және Оңтүстік Азия аймаңындағы бірден-бір бағдарлама.