Ұлттық болмысты бейнеледі
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының ұстаздары мен студенттері №9 студенттер жатақханасында «Мен-патриотпын» тақырыбында поэзия кешін өткізді.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 курс студенті Жұлдыз Байбатырова Қазақстан халқының өз Отанына, еліне және көненнің көзін көрген білектің күші, найзаның ұшымен жеткен қазақтың жеріне деген адалдығы мен махаббатын бейнелейтін авторлық өлеңдерін оқыды. Қиын-қыстау кезең мен қилы замандарды бастан кешсе де ерлік пен төзімділік танытқан қазақ бақытты өмірге деген сенімдерін еш жоғалтпады. Жұлдыз Байбатырованың өлеңдерінде ұлттың бар болмысы баяндалып, кеш қонақтардың жүрегіне жеткені соншалық, қатысушылар арасында қошеметке ие болды.
«Туған үйіме басымды иемін» («Родному дому поклонюсь…») шығармасынан кейін нағыз қызу пікір-талас басталды. Студенттер қазіргідей дағдарыс кезінде ұлтаралық алауыздық пен кикілжіңнің көбейіп кеткендігін атап өтті. Бар адамзатқа қаупі төніп тұрған дінаралық фанатизм мен фашизмді талқылай келе Арман Қалибаев, Наргиз Маметбақиева, Айжан Төлеген және басқа да қатысушылар осындай шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өттті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей мұндай жүйелі жұмыстар арқылы жастарды патриоттық бағыттта тәрбиелеудің үлесі айтарлықтай.
Родному дому поклонюсь…
Казахстан мой родной, Казахстан
Величавым и сильным сегодня ты стал.
А в небе синем всё также завис, неподвижно орел,
Чтоб узреть свою степь как бескрайний и дивный шатер.
И в горах, и в степи засверкали огни.
То солдаты вернулись с той страшной, кровавой войны.
Там врагу они мстили за смерть, и за кровь,
Чтоб фашизм исчез и ушёл навсегда под топор
Чтобы стали мы дружно и счастливо жить,
Той победой своей дорожить
Чтоб любовь расцвела как тюльпаны весной,
Чтоб вернулся и я в дом родной как герой и живой.
Михаил Пузиков,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының професссоры