ҚазҰУ ғалымдары тамарикс өсімдігінен майлар мен гель ойлап тапты

22 қараша, 2016

ҚазҰУ ғалымдары тамарикс өсімдігінен май  мен гель ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗО химиктері Tamarix өсімдігінен алынған тамариксидин биологиялық белсенді комплексі негізінде май мен гель ойлап тапты.

Ғалымдар бентонит ертіндісі майы, сондай-ақ, медициналық гель мен табиғи және синтетикалық полимерлерден жасалған қабықшалар секілді жұмсақ дәрілік пішіндер алды. Алғашында ол бентонит сазы, сондай-ақ, өзі құрылымданған полимерлер мен композциялары негізінде таратылды. Жобаны жүзге асыру үрдісінде биологиялық белсенді комплексті шашырату заңдылығы орнатылды,  таратушылардың сорбциялық-десорбциялық қасиеттеріне  түрлі факторлардың  әсер етуі көрсетіліп,  май мен гельдің  құрамын анықтады. Полимерлі және сазды материалдар  төмен бағалы, қолжетімді дәрілік затттардың құрамында бар және бентонит сазының негізінде әзірленген өсімдік субстанциясы гель және май негізінде қызмет атқарады. Тақырыптың жетекшісі – х.ғ.д.,  БҒҚ Ш.Н. Жұмағалиева.