Ғылым жеткен бір белес

22 қараша, 2016

Ғылым жеткен бір белес

 

Индекстеу бойынша куәлікті Scopus халықаралық мәліметтер базасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының Редакциялық алқа мүшелеріне салтанатты түрде тапсыру рәсімі болды.

«Ғылым Ордасы» ғимаратында салтанатты рәсімі Elsevier халықаралық компаниясының атқарушы вице-президенті мен басқа да өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ, елдің ғылыми элитасы мен ҰҒА академиктерінің, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілерінің және қаланың ЖОО-ның оқытушылық-профессор құрамының қатысуымен өтті.

Редакциялық алқа мүшелерінің ерең еңбегінің нәтижесінде «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналына авторлардың жоғары сапалы ғылыми мақалаларының нәтижесінде 2016 жылдың 26 шілдесінде Scopus мәліметтер базасына кіргізілді. Бүгінгі таңда, әлемдік ірі реферативті базасында 21000-нан астам ғылыми-техникалық және медициналық, 5000-ға жуық халықаралық баспаларды халықаралық Scopus мәліметтер базасына индекстейді. Айта кету керек, басқа академиялық журналдарды ҚР ҰҒА әлі қарастыру үстінде.

ҚР ҰҒА 1946 жылдан бастап шығып тұратын 8 ғылыми журналдары («ҚР ҰҒА Баяндамалары», «ҚР ҰҒА Хабаршысы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Биологиялық және медициналық сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математикалық сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар және гуманитарлық ғылымдар сериясы», «ҚР ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы») ХХ ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдарының өзінде рейтингтері жоғары халықаралық ғылыми журналдардың тізіміне қосылғандығы Қазақстан ғылымының жетістігі болып табылады.

ҚР ҰҒА ғылыми журналдары 1960 жылдан бастап АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және т.б. сияқты 73 шетел мемлекеттерінің ірі ұлттық кітапханаларына жіберіліп тұрады. Қазіргі уақытта ҚР ҰҒА осы журналдарға халықаралық рейтинг беру және Elsevier ірі компаниясының Scopus мәліметтер базасына қосу жөнінде іс-шараларының жүзеге асуы қазақстандық ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге көптеген материалдарға, аймақтық зерттеу ақпараттары мен пайдалы сілтемелерге қол жеткізуге, әлемдік зерттеулер саласында қазіргі үрдістердің толық нұсқасына қол жеткізуге жол ашады. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы JAP (Халықаралық ғылыми мәселелер бойынша академия аралық Кеңесі), ХҒАҚ (Халықаралық ғылым академияларының қауымдастығы), TWAS (Үшінші әлем елдерінің ғылым академиялары), AASSA (Азия елдерінің ғылым академиялары қауымдастығы), ИЫҰ ҒАҚ сияқты бірқатар халықаралық ғылыми ұйымдардың белгілі мүшесі болып саналады. ҚР ҰҒА құрамына Қазақстанның ең алдыңғы қатарлы ғалымдары - Академияның толық мүшелері (академиктер) және корреспондент-мүшелері, шетелдік және құрметті мүшелері кіреді. «ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының халықаралық Scopus мәліметтер базасына кіруі отандық ғалымдардың абыройы мен қазақ ғылымының әлемдік қауымдастықта беделін одан әрі арттыра түседі.

 

ҚР ҰҒА Төралқасы