ҚазҰУ физиктері күн элементін ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ұлттық нанотехнологиялық ашық лабораториясының физик ғалымдары қуыс борпылдақ кремнийдің негізінде тиімді күн элементін ойлап тапты. Жобаның жетекшілігін жетекші ғылыми қызметкері ф.ғ.-м.к. К .К. Диханбаев атқаруда.
Жоба авторлары борпылдақ кремнийдің фотолюминесценция спектрін түсіру арқылы нано борпылдақ құрылымдарының тұрақтылығын зерделеп, термодиффузиялық әдісімен борпылдақ кремнийдің беткі қабатына өткен р-n құрылуын зерттеген. Ғалымдар алғаш рет наноқұрылымдық борпылдақ кремний арқылы диффузияны жүзеге асыра алды. Бұл күн элементінің құрылымы мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба авторлары өндіріс орындарына енгізу үшін оксиданттық борпылдақ кремнийдің тиімді күн сәулесінің элементін құратын физико-техникалық технологиялардың негізін жасап шығарды.