«Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның кезекті шәкіртақы табыстау рәсімі
Шәкіртақы табыстаудың мақсаты - ҚазҰУ мен «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның білім мен ғылым саласында ынтымақтастығын дамыту және нығайту, студенттердің корейтануға деген қызығушылығын арттыру.
Аталмыш шәкіртақыға оқу барысында GPA көрсеткіші жоғары студенттер ие болды. Атап өту керек, «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-да шәкіртақы иегерлеріне «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның тұрақты клиенті болуы үшін арнайы шот ашылды. Сонымен қатар, ҚазҰУ әкімшілігі корейтану бөлімінің студенттеріне қолдау көрсеткен басқарма төрағасы Чой Мёнг Кю мырзаға шын жүректен алғыстарын білдіріп, алғыс хат табыстады.
"Біз шәкіртақы иегерлерін құттықтап, білімі мен болашағына нық сенімді жоғары дәрежелі маман болуына тілектестік білдіреміз",- деді Қиыр-Шығыс кафедрасының меңгерушісі Наталья Ем.