Әскердегі құқық тәртібін қарауылдау
Әскердегі құқық тәртібін қарауылдау
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері Алматы аймақтық гарнизонының әскери полициясының жасағында тәжірибелік дайындық сабақтарын өтті.
«Әскери-тергеу» әскери-есеп мамандығының студенттері жасақтың қызметтік әрекеттерімен танысып, оқу барысында әскери-тергеу жұмыстары мен заңкеңестері циклында алған теориялық білімін пысықтады.
Жасақ басшылығы курсанттарға қылмыстық құқық бұзушылық хабарламалары мен шағымдарын тіркеу және қабылдау тәртібі мен ережелеріне үйретіп, сотқа дейінгі зерттеудің біріңғай тізілімін жүргізу ережелерімен таныстырды.
Студенттер қылмыстық құқық бұзушылық жайлы келіп түскен ақпаратты автоматтандырылған деректер базасында тіркеуді, есеп жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен Жасақтың кезекші бөлім инспекторларының қалай жұмыс істейтіндігін көру мүмкіндігіне ие болды.
Анықтау және іздестіру бөлімінің мамандары студенттерді сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу мен шағын және орташа салмақтағы істерді сотқа дейінгі тергеу жасау тәртібімен таныстырды.
Сонымен қатар, курсанттар жасақтың кинологиялық қызмет жұмысымен танысты. Қызметтегі иттердің инструкторлары әскери техника мен ашық жерлерде жасырылған жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді табуда төртаяқты көмекшілерінің ептілігін көрсетті.
Алматы аймақтық гранизонының әскери полиция жасақ базасында жүргізілген тәжірибелік дайындық нәтижесінде студенттердің көпшілігі әскери кафедра мен университетті тәмәмдағаннан кейін ҚР ҚМ және ІІМ қылмыстық тергеу мекемесінде жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.
Жұлдыз Алмасаев
подполковник,
ҚазҰУ әскери кафедрасының аға оқытушысы