Ынтымақтастықтың жаңа сатысы

9 желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарын дамыту барысында айқын ойларды назарға ала отырып құрастырылмалы модернизация мен Француз-қазақстандық ғылыми-оқыту орталығын әртараптандыру курсын өткізу және «Геонэргетика және ресурстар» атауымен оны өзгертудің тиімді саясаты жүргізілуде. Бұл туралы Франс Этьен басшылық еткен делегацияның келуі барысында мәлім болды.

«Францияның жетекші оқу орындарының негізгі серіктесі ретінде ҚазҰУ-мен ынтымақтастық оң әсерін және мультипликативті нәтижесін беруде. Біз ҚазҰУ-дың ғылыми-оқыту мен инновациялық қызметін, ел экономикасының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Бүгінде Қазақстанда электроэнергетика, геология және энергетикалық ресурстарды пайдалану саласының дамуы мемлекет үшін стратегиялық мазмұнға ие, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бір түрі»,- деп Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен атап өтті.

«ҚазҰУ докторанттарына шетелдік профессорлардың жетекшілік етуі, бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын өткізу мен магистратура деңгейінде екі дипломды оқыту бағдарламаларын ашу аясында ҚазҰУ мен Франция университеттерінің өркендеп келе жатқан ынтымақтастығы маңызды стратегиялық келісімді құрап отыр. Біз «Геоэнергетика» орталығының қызметін кеңейтіп, ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шыққымыз келеді»,- деді Француз-қазақстандық ғылыми-оқыту орталығының Директоры Марселен Гийемен.

Сонымен қатар, кездесу барысында екі жақ Қазақстан-Француз мәдени лингвистикалық орталығының келешекте ашылуы жайын және дайындық жұмыстары мәселелерін талқылады. Бүгінде ҚазҰУ Францияның жетекші оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, француз қорлары және ҚР-дағы өкілдерімен байланыс жүргізеді.

«Менің Франс Кампюсім» платформасының іске қосылуы туралы ҚазҰУ жас ғалымдары мен студенттерін «Campus-France» географиялық үйлестіру бөлімінің директоры Оливье Шиш Портиш алдын-ала құлақтандыра кетті. Қазақстандық қолданушылар 3 млн. студент жастардың басын біріктірген әлеуметтік желінің алаңында Францияда білім алу мүмкіндігі мен Францияда оқу грант бағдарламалары,тіл крустары, білім беру көрмелері және шетел университеттеріндегі ұйымдар туралы толық ақпарат ала алады, сондай-ақ, жаңа достар тауып, өз әсерлері мен тәжірибесімен бөлісуде пайдасы зор.